"Маған әйел, саған күйеу табылар": Ажырасу туралы айтқан Ғаділбек Жанайдың басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Маған әйел, саған күйеу табылар": Ажырасу туралы айтқан Ғаділбек Жанайдың басы дауға қалды

"Маған әйел, саған күйеу табылар": Ажырасу туралы айтқан Ғаділбек Жанайдың басы дауға қалды

Танымал әнші Ғаділбек Жанай ажырасу туралы айтты.

  • 17 Сәуiр
  • 64
Фото - Caravan.kz

Өнер иесі ажырасу тақырыбында жаңа ән шығармақ, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Instagram желісіндегі парақшасында әнші әйелімен түскен видеосын жариялап, ешқашан ажыраспайтынын жазған.

«Ешқашан ажыраспаймыз. Әннің ішіне Бейсен Құранбек ағаның жанұя қағидасын қостық! Алла панасына алсын!», — деп жазды ол.

Әннің ішінде Бейсен Құранбектің «Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел, саған күйеу табылар. Ал балаларға бөтен біреу әке-шеше бола алмайды», — деген сөзі бар.

Әншінің оқырмандары оның бұл сөзін қатаң сынап, ешқашан деген сөзді айтпауға кеңес беруде.

«Адам ажырасам деп үйленбейді, бұлай айтудың керегі жоқ», «Өмірде ойынға берілген, араққа салынған адамдар да болады. Сонда еріксіз ажырасасың», «Алдыңда не тұрғанын білмейсің, сондықтан бұлай айтпа», — деп жазды олар.