Алагөзова айыпталушының оны қандай сөздермен ар-намысын қорлағанын айтып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Көп нәрсе болды. Баланы өлтірді деп айтты. Мені с**ка, мр*** деп айтты. Әрдайым мені қорлап келді. Мен оны танимын. Қалай танысқаным есімде емес. Біз бір медиадамыз. Онымен шай ішпегенмін, бірақ мен оны танимын. Оған еш қатысым жоқ. Одан 12 жыл бұрын сұхбат алдым. Ол Динара Сәтжанға да буллинг жасауда. Басқа еш жерден араласпадым. Оған еш қатысым жоқ, қатысым болмаған. Ол бұған не істейді. Онымен конфликтім болған емес. Оның менімен белгісіз себептермен араздасты. Ол жұрттың көзінше мұндай сөздерді неге жазады, білмеймін. Маған қатысы бар нәрсе бірден резононс болады, ол бұны жақсы біледі. Маған қатысты жазғандарының барлығы қарғыс сөздер. Бұл маған ұнамайды. “Су**а” сөзі мен үшін өте қорлық сөзі. “Мр***” дегені тіпті”, — деді Баян Алагөзова.