"Маған ақша ұсынып отырсың ба?" Айгүл Орынбек ипподром айналасындағы даудың ушығып бара жатқанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Маған ақша ұсынып отырсың ба?"  Айгүл Орынбек ипподром айналасындағы даудың ушығып бара жатқанын айтты

"Маған ақша ұсынып отырсың ба?" Айгүл Орынбек ипподром айналасындағы даудың ушығып бара жатқанын айтты

Шымкент қаласының ипподром аумағындағы жерге қатысты дауды көтеріп жүрген  белгілі заңгер Айгүл Орынбек мәселінің қалай ушығып бара жатқаны туралы айтты. 

  • 3 Ақпан 2021
  • 123
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы заңгердің facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлады. 

"Келісейік, кетіспейік!

Ипподром айналасындағы дау жаңа сатыға өтті!

Маған бүгін таныс досым

Erbol Dairashov келіп BI group атынан ұсыныс айтты!

“Келісейік, не айтасың, ашық айт.

BI-мен бір келісімге кел, кетіспейік” — дейді…

Қазақ жігіттері осыншама майдаланып кетеді деп ойламадым!

Маған ақша ұсынып отырсың ба?

Дәл қәзір

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің МО департаменті

арызданам, сендер маған ақша ұсынуға көштіңдер ме?


Осындай деңгейге түстіңдер ме?

Пара алу, Арымды сатумен бірдей деп орнымнан тұрып кетуге мәжбүр болдым!

Алик Шпекбаев мырза Шымкенттегі ипподром жерінде салынатын тұрғын үй құрылыс мәселесін өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймын!

Бұлар жан-жақтан өз ойымызды ашық айтқаным үшін қыспаққа алып, келісейік деп ақша ұсынып, одан кейін кетіспейік деп угроза жасауға көшті!

Міне бұлардың деңгейі митинг ұйымдастырмақшы болдың деп полицияны жібереді, келісейік, кетіспейік деп таныс досыңды жібереді!

Достыққа қастандық дейді бұны!

Досыңды параға итермелеу, арыңды сат дегенмен бірдей!",- деп жазды заңгер өз парақшасында.