Жахан Отарғалиев көпті мазалаған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Соңғы уақыттары маған жиі қойылып кеткен сұрақ “Қашан әке атанасың, үйленгендеріңе біраз болды ғой?”
Біреулер шын жаны ашып айтса, ал біреулер әдейі сұрайды. Менің ең басты арманым ол — әке атану.
Аллах Құранда айтқан қалағанына қыз, қалағанына ұл беремін, ал қалағаныңды бедеу қылып қоямын деген. Бұл да сынақ шығар, өйткені Аллах баламен де сынайды, мысалы қазір қанша бала өмірге ауыру болып келіп жатыр, инстаграмды ашып қарасаң балама көмектесіндерші деген қаншама видео көреміз, керісінше Аллах мені қорғап жатқан шығар, не десек те маңдайыма жазғанын көреміз, үйленді болды бірден бала болу керек деген шарт жоқ, естеріңде болсын біреуге күлме сол күн өзіңе келмесіне кім кепіл.
Аллах маған берген қандай да сынақты сіздерге бермесін. Осымен бұл теманы жабайық, жақсы ойда болайық өткені уақыты келгенде шаңнын тозаңындай нәрсеге жауап беретін кезге жақындап келе жатырмыз, қазір ең бастысы көбірек сауапты іс, жақсылық жасауға ұмтылайық", — деп жазды ол желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары тезірек кішкентайлы болуды, көп балалы әке атануды, ештеңеге мойымауды әрі ең бастысы бақытты болуды тіледі.