Бұл туралы ол Аман Тасығанның "Talklike" бағдарламасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Динарамен бірге Астанадағы гастрольге барғанымызда арарындағы нәрсені өзім сезініңкіреп қалдым. Мен де, Динара да ТЮЗ-да жұмыс жасаймыз, Сәбит сол кезде сол театрдың басшысы еді. Гастрольде банкетте отырғанда көз қырларынан байқап қалдым. Менің сезгенімді Сәбит те сезді дәлізге шыға бергенде "Айгүл осылай, осылай танысып қой Динара", — деп таныстырды. Динара қысылып тұрды, оған "Динара, дым саспа қандай болғанда да мен сені қолдаймын тағдыр деген нәрсе бар. Ол сенің қалауың, таңдауың, екеуің қосылып жатсаңдар, екеуің бірге жүрсеңдер мен тек қуанамын. Мен сенімен өштесетіндей, мен сені жау көретіндей оған ешқандай себеп жоқ. Әйел ретінде де, әріптес ретінде де сені қолдаймын", — деп оған ішкі лебізімді білдірдім", -деді Айгүл Иманбаева.
Журналист Аман Тасығанның "Динара мен Айгүл бәсекелес пе?", — деген сұрағына Айгүл Иманбаева былай жауап берді:
"Динара, маған әріптес, бәсекелес деп айтуға келмейді. Өнердің өзінде кезеңімен, уақытымен жастарға орын беріп, тілекші болып керісінше оларға білетініңді айтып отыратын жасқа келіп қалдық. Сахнаға шығып, "Мен Иманбаевамын", — деп отыратын уақыт емес. Кезеңмен келу керек, кезеңмен әдемі өту керек. Сол себепті ол маған ешқашан конкурент бола алмайды. Өйткені, менен асып түссе қуанамын. Дос емес, әріптес", — деп жауап берді Айгүл Иманбаева.