Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
" Мен 9 жыл бойы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай кештер өткізіп жүрдім. Кейіннен өзінің баласы мен келіні қолға алғаннан кейін ұрпағымен жағаласпайын дедім. 4-5 сынып оқып жүргенде Мұқағалиді көрдім. Маған ол кісі ұнаған жоқ. Мен ол кезде ол кісінің Мұқағали екенін, Мұқағалидің кім екенін де білмеймін. Алматыға Нарынқолдан келген баланың арманы зоопаркке бару, паркке барып ойнау, қыдыру. Бір күні әкеммен паркке баратын болдық. Бір жағында сырпасы бар, бір жағында тамағы бар жерге бардық. Сол жерде біреу Нарынқолдың иісі шығып кетті ғой деді. Әкем қарап Мұқа ассалаумағалейкум деп амандасып, қазір келеміз деді. Әкем маған анау ағаңа сәлем беріп, қасына барып отыр деді. Содан әкем екеуі әңгімелесіп , қалжыңдасып отырды. Мына батыр кім деп еді, әкем Асқар деді. Ол кісі Асқар, ауырып тұрған бас бар,әкеңмен еріп келіпсің өзің біліп басқар деді. Әкем басқарады деп екі вино алып келді. Қатты мас емес, тың отырды. Екеуінің әңгімесі созылған сайын мен парктен қалып бара жатырмын. Мынау қайдан келді деген ой келді. Ол кісіні мүлдем жақтырмай отырдым. Кейін әкемнен бұл кім деп сұрағанымда Мұқағали Мақатаев деген үлкен ақын деді", — дейді ол.