Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Маған қарсы пост жазу құны 200 мың теңге
Бүгін Алматыдан бір журналист звондады, саған заказ түсті. Сені жамандап жазу үшін 200 мың теңге ұсынды, “мен отказ бердім ар-намыс сатылмайды Айгүл”, деді.
Бір -екі күнде мен жайлы посттар жазыла бастаса таң қалмаңыздар!
Мені тегтеп, “анау сені бүйтіп жазып жатыр” деп мазаламаңыздар!
Менің арқамда журналистер де ақша істеп, пайда көріп қалсын.
Қалам ұстап жүрген достарым тек жазу арқылы күн көреді емес пе?
Бұндай мүмкіндікті пайдаланып қалған дұрыс, тіпті көбірек сұраңдар қаламақыларыңды!
Ондайға етім де, бетім де үйренген!
Әлемдегі ең жаман адам мен болсамда, ауыл аймақтағы жемқорлыққа батқан сыбайластық ашылу керек!
Халықтың көзі ашылып, “біз бәрін айтамыз” деп тұрған халыққа демеу болу әрбір журналист пен белсенділердің міндеті.
Кім ақшаға мұқтаж мені жамандап жазып ақша істеп қалыңдар!
Осы посттың астына мен жамандап жазам деп пікір қалдырсаңдар, заказчиктер өздері шығады!". — деп жазды Айгүл Орынбек.