Маған жаман пікір жазатындар күйеуімен ұрсып қалған әйелдер мен кредитін төлей алмай жүргендер - Айқын Төлепберген - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маған жаман пікір жазатындар күйеуімен ұрсып қалған әйелдер мен кредитін төлей алмай жүргендер - Айқын Төлепберген

Маған жаман пікір жазатындар күйеуімен ұрсып қалған әйелдер мен кредитін төлей алмай жүргендер - Айқын Төлепберген

Айқын Төлепберген жеке өміріне қатысты алып-қашпа әңгіменің нүктесін қойды. 

  • 23 Қазан 2018
  • 375
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Әнші "Астана" арнасындағы "Мақпал мекен" бағдарламасында жеке өміріне қатысты барлық сұраққа жауап беруге тырысты. 

Сұхбат барысында, ата-анасына, бауырларына, бірінші әйелі мен қазіргі тұрып жатқан отбасына материалдық жағдайын қамтамасыз етіп отырғанын айтты.

Әнші қазіргі таңда оқырмандарының жаман пікірлерінен жүйкесі жұқарып кеткенін жасырмады. 

Балаларына қамқор әке болып жүреген, бірінші әйелі Әселді басқаға тұрмысқа бермейтіндігі, қызғаныштығын да жасырмады. 

"Достарымның әйелдері мен екінші әйел алған соң, дірілдеп кетті, бәрі қорықты.  Күйеуін жоғалтқысы келмеген әйел, тамағын жасап, жағдайын жасасын!", дейді. 

"Мен туралы жаман пікір жазатындар, жеке проблемасы бар, кредитін төлей алмай жүргендер, күйеуімен ұрсып қалған әйелдер, іші күйінішке толы адамдар, менен ашуын алып, негатив пікірін жазып, "уф" деп ішіндегі ызасын менен алады", дейді әнші.