«Өнім экспорттаушы кәсіпорын өкілдерінің тарифтерді көтеру Жалпы Ішкі Өнімнің өсіміне кері әсер етеді деген кешегі мәлімдемесінде ешбір негіз жоқ»,- деді Н.Байдәулетов. Оның айтуынша, тарифтерді көтеру және оның зардаптары туралы мәселе ҚР көлік және коммуникация министрлігі, ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігі мен өнім экспорттаушы кәсіпорын өкілдерінің бірлескен отырыстарында талқыланған. «Бізге бұл тұрғыда қарсы дау айтқан ешкім болған жоқ»,- деді ол.
Н.Байдәулетовтың мәлімдеуінше, соңғы 6 жылда инфляция 12-13 процентке өскеніне қарамастан, темір жол тарифтерінің өсімі небәрі 2 процент болғандықтан дәл қазіргі тариф өсіру негізді екенінде дау жоқ.
Ал «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның президенті Ерлан Атамқұловтың хабарлауынша, бұл жолғы тариф көтеру кәсіпорынға биылғы жылды шығынсыз аяқтауға мүмкіндік береді. «Тариф көтеру есебінен компания пайдаға белшесінен батқалы отыр деген сипатта сөз қозғау мүмкін емес»,- деді ол. Оның айтуынша, 2004-жылы ҚТЖ ҰК өз тарихында алғаш рет айналым қаржысын толықтыру үшін 10 млрд. теңге көлемінде несие алуға мәжбүр болған. Тарифтерді көтеру есебінен компания 6,3 млрд. теңге мөлшерінде қосымша түсімге қол жеткізбекші, деді Е.Атамқұлов.