"Мәйітті бұрынғы күйеуі әкетеді": Ақтаудағы ұшақ апатында қаза болған Гаухар Шәймерденова туралы ел білмейтін ақпарат тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мәйітті бұрынғы күйеуі әкетеді": Ақтаудағы ұшақ апатында қаза болған Гаухар Шәймерденова туралы ел білмейтін ақпарат тарады

"Мәйітті бұрынғы күйеуі әкетеді": Ақтаудағы ұшақ апатында қаза болған Гаухар Шәймерденова туралы ел білмейтін ақпарат тарады

Ұшақ апатынан қазақ тапқан астаналық туралы дерек тарады.

  • 26 Желтоқсан
  • 266
Instagram/Динара Сәтжан

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Динара Сәтжан тың дерекпен өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Ақтауда құлаған ұшақта 67 адам болған. 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшелері. 38 адам қаза тапты. Оның ішінде алтауы қазақстандық азамат. Олардың екеуі Астанадан, нотариус Гаухар Шаймерденова мен оның 11 жасар ұлы Елдар.

Мен Астананың нотариалдық палата төрайымы Әйгерім Әйкешовамен хабарластым. Оның айтуынша, өткен демалыста олар нотариустардың жаңа жылдық кеште бірге болыпты. Гаухар әріптестеріне кіші ұлымен бірге Грозныйдағы отбасылық достарына Жаңа жылды қарсы алуға баратынын айтқан.

Бүгін таңда олар Бакуге, сосын Грозныйға аттанған, себебі Астанадан тікелей рейстер болмаған. Гаухардың үлкен ұлы Астанада қалған, ол Австралияда оқиды, оқуынан қайтып келген екен. Гаухардың анасы әлі күнге дейін болған жайттан хабарсыз.

Қайтыс болғандардың мәйітін алуға Гаухардың бұрынғы күйеуі мен оның көмекшісі аттанған. Онда оларды қалалық нотариус қарсы алып, көмектесуі тиіс. Нотарус өкілдері бірге екенін көрсетуде, олар отбасыға қаражат жинап жатыр. Мен өз тарапымыздан көмек ұсындым. Әйгерім «Өзіміз көмектесеміз» деп қысқа қайырды.

Қаза болғандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Пилоттардың ерлігін ерекше атап өткім келеді. Олар қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Егер ұшақ суға құласа, қайтыс болғандар бұдан да көп болатын еді…», — деп жазды тележүргізуші.