Май зауытының жұмысшылары жалақы орнына жүзім алған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Май зауытының жұмысшылары жалақы орнына жүзім алған

Май зауытының жұмысшылары жалақы орнына жүзім алған

Өзбекстандағы "Гүлістан экстракт -Ёғ" кәсіпорынының жұмысшылары жалақы орнына 10 келі жүзім бергеніне шағымданды.

  • 27 Желтоқсан 2018
  • 28
Фото - Caravan.kz

25 желтоқсанда "Гүлістан экстракт -Ёғ" кәсіпорыны жұмысшыларға жәшік жүзім тарата бастаған. Компания қызметкері жүзім ақшасын айлықтан ұстап қалатынын айтты. "Бір жәшікте он келі жүзім бар. 70000 сумды ($8,4) айлықтан ұстап қалатынын ескертті. Мен ғана емес, көпшілігі бұған наразы болды. Жаңа жылда дастарханды қай ақшаға жаямыз?" — деді жұмысшы.

Жұмысшылар наразылығынан соң, кәсіпорын басшылығы шешімін өзгерткен. "Жүзімді мерекеге сыйлық ретінде бергенін айтты. Ақпарат тарап кеткен соң, олар шешімін өзгерткен болуы керек", — деді кәсіпорын қызметкері.

Зауыт бухгалтериясының бір қызметкері жүзімді жұмысшыларға сыйлық ретінде таратқанын растады.


Бұған дейін Өзбекстанда жалақы орнына мұғалімдерге ауыл-шаруашылық тауарларын таратқан, оны жұмысшыларға базардағыдан қымбат бағаға өткізген.

Соңғы жаңалықтар