Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Көреміз" ток-шоуына сілтеме жасап хабарлайды.
Арманжан соңғы рет 27 желтоқсанда анасымен сөйлескен. Жаңа жылды дос балалармен тойламақшы болған.
37 жастағы жоғалған азамат жарымен ажырасқан. Арасында бала болмағандықтан, келісімді түрде ажырасты, дейді баласын іздеген ана.
— 3-ші қаңтарда телефоны өшірулі тұрды. 10 қаңтарда дос баласына қоңырау шалдым. Бірақ, оның әйелі де, дос балалары да ешқайсысы білмейтін болып шықты. Телефоны өшірулі болғанымен, ватсабы жұмыс жасап тұрды.
8 наурызда 60 жасқа толдым. Туған күнімде келмеуі мүмкін емес деп, тағы да жан-жаққа қоңырау шалдым. Полиция қызметкерлерін үйге өзім шықырып алдым, дейді Светлана Елямова.
Арманжан Мырзаәлімовті қайтыс болды деп қаралы хабарды алғаш болып інісі естіген.
Мәйіт Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылынан табылған. "Арманжан желтоқсанның 28-де келді. Бір күн бірге тұрдық. Шәйға ояттым тұрмады. Ауырдым деген жоқ. 103-ке звандадық", дейді мәйіттің соңғы көрген азамат.
Жедел жәрдем екі күннен соң келген. Мәйіт сасып кеткен. Денесінде жарақат, қара дақ болды дейді қасында болған адам.
Еңбекшіқазақ ауданының мәйітхана қызметкерлері 11 қаңтар күні Арманжанның денесі жеткізілгенін айтқан. Бірақ мәйіттің шығарылған күні жоқ, еш жерде көрстетілмеген.
— Мәйітхана бастығы мені кіргізбеді, мені көргенде ашулана бастады. Жұмыс уақытым бітті, деді әпкесі.
Сот сараптама орталығының Еңбекшіқазақ аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Бауыржан Құраметов: "Біз мәйітті ешкімге берген жоқпыз. Біз білмейміз. Егер мәйітті берсек, осы журналда берілген күннің уақыты жазылып тұратын еді", деп ақталуда. .
Өлген Арманжанның денесі 2021 жылдың 9 қаңтарынан бері мәйітханада жоғалған.
— Жора жолдастары алып кетіп, жерлеп тастаған. Бірақ, бұл мүмкін емес, дейді сарапшы.
Мәйіт ковидтің кезінде шатастырып, жерлеген болуы да мүмкін.
— Арманжанның мүрдесі әлі табылмаған. Сот тарихында Қазақстан бойынша бұл жағдай бірінші рет болып отыр, дейді Дәурен Рабилов. Ол марқұм Арманжанның мүрдесін іздеу жұмыстары басталғанын айтты.