Мәйітті үш ер адам ауруханаға жеткізіп, қашып кетті – Ақтөбедегі сұмдық оқиғаның мән-жайы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәйітті үш ер адам ауруханаға жеткізіп, қашып кетті – Ақтөбедегі сұмдық оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Мәйітті үш ер адам ауруханаға жеткізіп, қашып кетті – Ақтөбедегі сұмдық оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изолюторына қамалып, тергеу жүргізіліп жатыр

  • 9 Қазан 2019
  • 100
Фото - Caravan.kz

.Белгісіз біреулер жас жігіттің мәйітін Ақтөбе облысындағы Алға орталық аудандық ауруханасының дәлізіне әкеліп тастап кеткен, деп хабарлайды "Хабар 24".

Кезекші медициналық қызметкерлердің айтуынша, мәйітті үш адам әкелген. Ауруханадағылар көліктің түсін ғана көрген, маркасын байқамапты.

Полиция Бестамаққа барар жолда қою көк түсті Lexus GS 300 көлігін тоқтатты. Үш ер адам бірден күдік туғызған.

Тексеріс кезінде ер адамдардың бірі жігітті өлтіргенін мойындаған. Екеуінің арасында жанжал туып, оған пышақ сұғып алған. Жас жігіт есін жимастан, көз жұмды. Күдікті полицейлерге пышақты берді.


Қазіргі уақытта ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы 1 –бөлігі ("адам өлтіру") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изолюторына қамалды.

 

Соңғы жаңалықтар