Майкл Джексонның әнін хормен айтқан Болмановтың ұлдары жұртты тәнті етті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Майкл Джексонның әнін хормен айтқан Болмановтың ұлдары жұртты тәнті етті

Майкл Джексонның әнін хормен айтқан Болмановтың ұлдары жұртты тәнті етті

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Желіде пайда болған видеода Қыдырәлі мен Қарақат балаларымен бірге алыс жолға сапарлатып барады. Жол үстінде жұлдызды жұптың ұлдары по

  • 9 Тамыз 2017
  • 802
Фото - Caravan.kz

Желіде пайда болған видеода Қыдырәлі мен Қарақат балаларымен бірге алыс жолға сапарлатып барады. Жол үстінде жұлдызды жұптың ұлдары поп-музыка патшасы Майкл Джексонның Жаратқан туралы әнін айтып, ата-анасын разы етеді.

Ұлдарының әнді тез қабылдап, жаттап алғанына тәнті болған Болманов:

“Майкл Джексонның Жаратқан туралы айтқан әнін Алла бере салғандарымыз бірден жаттап алды… Барлық балаларды Алла тіл-көзден,қауіп-қатерден сақтап,жүректерін иман нұрымен нұрландырсын!” – деп жазды.

Ал желідегілер балалардың тіл-көзден аман болуын тілеп, Болмановтар жанұясына деген ақжарма тілектерін жеткізді.

“Сақ болыңдаршы әйтеуір, отырыс ыңғайсыз екен”, “Жол ережелерін бұзбасаңыздар былай жақсы”, “Үлгілі отбасы деп осыны айт”, “Отбасыңызға бақыт тілеймін”, “Жаттап алғандарын қара, жарайсыңдар”, – деп тамсанды желі оқырмандары.