Аукционнан түскен ақшаның бір бөлігі екі бенгаль жолбарысын бағатын питомникке өткізіледі. Бұл жолбарыстар кезінде М.Джексонға тиесілі болған.
М.Джексонның сырт киімін сатып алған nехастық кәсіпкер кейін оны қымбатырақ сатып, қайырымдылықпен айналыспақшы.
Сонымен қатар, аукционда М.Джексонның паригі мен қолғабы да сатылды. Әнші оларды 1984 жылы American Music Awards сыйлығын табыстау рәсіміне киген.