Майкл Джексонның фанаттары оның тірі екеніне дәлел іздеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Майкл Джексонның фанаттары оның тірі екеніне дәлел іздеуде

Майкл Джексонның фанаттары оның тірі екеніне дәлел іздеуде

Поп-музыка королі Майкл Джексонның жұмбақ өліміне фанаттары сенбейді. Олар музыканттың тірі екеніне және оның қайтыс болғаны туралы оқиға жалғанын екеніне сенімді. Бұл ретте әншінің туысы Ла Тойя Джексон жариялаған видеожазбаны жанкүйерлер кезекті дәлел ретінде қабылдады.

  • 7 Қараша 2018
  • 83
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Аргументы Недели» басылымына сілтеме жасап Stan.kzжазады.

YouTube-те пайда болған видеода әншінің жанкүйері Джексонның табытында оның есімі жоқ екенін айтады. Сондықтан фанаттар табытта ешкімнің мүрдесі жоқ деп шешті.

«Оның іші бос. Оның өлімі туралы құжаттар мен мәйітті сою нәтижесі де көптеген сауал туғызады. Себебі ол, шын мәнісінде, өлген жоқ», – дейді фанаттардың бірі.

Олар Майкл Джексон сол жерде жерленген болса, құлпытаста есімі алтын әріптермен жазылатынына сенімді.

Ал әншінің өзге де фанаттары оны жайына қалдыруды сұрады.

«Осылайша табанды түрде дәлел іздеудің керегі не? Егер ол өз өлімі туралы оқиғаны қолдан жасаған болса, оның себебі болар еді. Мүмкін осылайша өзін құтқармақ болған шығар? Мүмкін біздің оны тауып алғанымызды қаламайтын болар… Менің ойымша, біз оның таңдауын қабылдауымыз керек», – дейді тағы бір фанаты.


«СПИД-Инфо» басылымының мәліметінше, бұл жағдайда расымен де күмәнді тұстар көп. Мысалы, адам өлімі туралы анықтамадағы қателік, полиция мен аурухананың мәліметтер базасында әншінің өлімі туралы жазбаның болмауы күмән туғызады. Сонымен қатар музыканттың туысы Ла Тойя Джексон ағасы өзін ақша және әндерінің авторлық құқығы үшін өлтіріп кететінін айтқаны туралы бірнеше рет мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар