Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Вирусты қазіргі сәтке дейін 47 елде анықталып, жұқтырғандар саны 16 мың адамға жетті. 1 айдай бұрын ғана науқастар қатары 3 мыңдай ғана болатын. Мамандар маймыл шешегі адам өміріне қауіп төндірмейді деп, әзірге індет санатына жатқызбай отыр.
Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас хатшысы:
— Маймыл шешегі әлем бойынша тез таралып жатыр. Сондықтан қоғамдық денсаулық сақтау саласында халықаралық деңгейде төтенше жағдай жарияладым. Сақ болғанымыз жөн!