Заңғар күні кеше ғана тоғыз жыл жүрген ғашығын мейрамханаға шақырып, ата-анасымен таныстырды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сол қуанышты кештен түсірілген видеоны Қайраттың інісі өзінің Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары болашақ жарының "сұлу" екенін айтып, тілектерін жаудырды.
Бақытты болыңдар. Әдемі қыз екен. Екінші келініне ұқсайды. Қыздан жігіт жас көрінеді,
— деп жазды желі қолданушылары.
Ал Заңғар болса оқырмандардың сөзіне күліп былай жауап қатты.
Маймылдан сәл әдемі. Өзі инабатты, тәрбиелі қыз.
— деп жазды Заңғар.
Әзірге Заңғардың болашақ жарының есімі белгісіз. Экспресс К бұған дейін Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың күйеуінің тапқан ақшасымен шалқып жүргенін жазған.