Майқайыңдағы апат. Денесі табылмаған қызметкерлердің отбасыларына көмек беріле ме - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Майқайыңдағы апат. Денесі табылмаған қызметкерлердің отбасыларына көмек беріле ме

Майқайыңдағы апат. Денесі табылмаған қызметкерлердің отбасыларына көмек беріле ме

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде қаза болған құтқарушылардың отбасыларына қандай көмек берілетінін айтты.

  • 2 Ақпан
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Instagram-дағы парақшасында қаза болғандардың отбасына мемлекеттен және жұмыс берушіден жан-жақты көмек алу үшін қажеттінің бәрі жасалып жатқанын айтты.

Бүгін «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде қаза болған құтқарушылардың отбасыларына барып қайттым. Бердібек Сарқыттың туған-туыстарымен Майқайыңдағы үйінде кездестім, бұған дейін мен марқұмның жаназасына қатысқанмын. Менің бүгінгі келуімнің мақсаты — қаза тапқан құтқарушылардың туыстарына оларды ешкім жалғыз қалдырмайтынын жеткізу. Әрине, ешқандай қолдау сөздері мен төлемдер жақындарыңызды қайтармайды. Бірақ, біз аумағында қайғылы жағдай орын алған «Майқайың-алтын» АҚ-нан, мемлекеттен және жұмыс берушіден жан-жақты көмек алу үшін қажеттінің бәрін жасаудамыз. Екібастұзда бұл туралы құтқарушы Олег Тышкевичтің де қызымен сөйлестік. Өңір басшылығы жұмыс беруші мен «Майқайың-алтын» АҚ-ның Яна мен оның ағасы алдындағы барлық міндеттеменің орындалуын қадағалайтын болады, — деді ол.

Сонымен қатар аймақ басшысы қаза болған жандардың отбасыларына кәмелетке толмаған балалардың болуы мен олардың жасына байланысты кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабынан 5-10 жыл үшін орташа айлық жалақы мөлшерінде сақтандыру өтемақысы берілетінін атап өтті.

«Майқайың-алтын» АҚ бұған дейін бөлген қаражатын бірнеше есеге арттырады, ал, жұмыс беруші қаза тапқандардың отбасыларының несиелері мен коммуналдық қарыздарын өтеуді өз мойнына алады. Осындай көмектер іздестіру жүргізіліп жатқан екі құтқарушының денелері табылған немесе оларды қайтыс болды деп таныған жағдайда олардың отбасыларына да көрсетіледі. Қаржылай көмектің көлемі туралы ақпарат жұртшылыққа барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін хабарланатын болады, — деп түйіндеді әкім.

Еске салсақ, 4 қаңтарда шақыртуға шыққан құтқарушылардың автобусы алтын кенішінің шахтасына опырылып түсіп, апатқа ұшырағаны белгілі болды. Оқиға орнында екі қызметкердің денесі табылды. Тағы екеуінің денесі әлі іздестіріліп жатыр.