«Майқапшағай» кеден бекетіне жаңа басшы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Майқапшағай» кеден бекетіне жаңа басшы тағайындалды

«Майқапшағай» кеден бекетіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Аманияз Ержанов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысы Кедендік бақылау департаментінің «Майқапшағай» кеден бекетінде болды.

  • 13 Қараша 2012
  • 340
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында А. Ержанов кеденшілер ұжымына жаңа басшы Бақтияр Құнақыновты таныстырды.

Сонымен қатар, сапар аясында департаменттің жеке құрамымен өткен жүздесу барысында комитет төрағасының орынбасары кедендік әкімшілендірудің негізгі бағыттарын жетілдіру мәселелерін талқыға салды. Бұдан бөлек, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларымен өзара байланысты жақсарту, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды енгізу, сондай-ақ кедендік үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері жайында сөз болды.

А. Ержанов өз сөзінде кеден ісіне байланысты электрондық декларациялаудың ажырамас бөлігі болып табылатын жөнелтілетін тауарлар туралы алдын ала ақпараттандыру үдерісінің табысты енгізіліп жатқанын ерекше атап өтті. Тоқтала кететін жайт, бүгінгі таңда сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың 90 пайызы декларацияларды алдын ала ұсынады. Осының өзі тауарларды кедендік тексерудің уақытын әжептәуір үнемдейтін болып отыр.

Жүздесуді қорытындылай келе, комитет өкілі ұжым мен жаңа басшыға табысты еңбек тіледі.

Соңғы жаңалықтар