Бұл кітап Мұхамед-Халел Төлеубайұлының ұзақ жылдық зерттеулерінің топтамасы. Бірақ қаламгер осыдан 5 жыл бұрын дүниеден өткендіктен, оның басылуына ұрпақтары себепші болыпты. Жалпы кітап Еуразия құрлығындағы көшпенділер тұрмысынан бастау алып, Шыңғысхан империясына дейінгі тарихты толық баяндайды. Сондай-ақ зерттеудің басты бір бөлігін қазақ билерінің атасы — Майқы би хақындағы мағлұматтар құрайды. Еңбек әзірге 2 мың данамен орыс тілінде ғана шығып отыр. Егер демеуші қатары табылса, қазақ тілінде де аудармасы ұсынылмақ.
Райхан Сахабекқызы, А.Байтұрсынов мұражайының директоры:
— Әрбір халықта аңызға айналған тұлғалар болады ғой. Сондай тарихи тұлғаның бірі Шыңғысхан мен Жошы ханның тұсындағы Майқы бидің танымдарын біздің ұрпаққа түсінікті болуы үшін қысқа, ұғынықты етіп жазып шыққан.