Майя Манеза былтыр ресейлік Светлана Царукаеваға кеткен есесін қайтарады деген үміт басым - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Майя Манеза былтыр ресейлік Светлана Царукаеваға кеткен есесін қайтарады деген үміт басым

Майя Манеза былтыр ресейлік Светлана Царукаеваға кеткен есесін қайтарады деген үміт басым

Бүгін кешке қазақстандық ауыр атлет, Лондон Олимпиадасының «алтынынан» басты үміткер спортшы Майя Манеза 63 келі салмақ дәрежесінде бағын сынайды.

  • 31 Шiлде 2012
  • 530
Фото - Caravan.kz

Бұл салмақта нағыз бәсекелестік орын алатын сияқты, себебі әлемдік рекордтың иегері Манезадан бөлек, додаға 2011 жылы Әлем чемпионы Светлана Царукаева, Еуропа чемпионы, болгар спортшысы Милка Манева, түрік Сибель Симсек, канадалық Кристин Джирард және мексикалық Луис Мерседес Акоста Волдес келіп отыр.

Майя Манезаның басты қарсыласы Светлана Царукаеваға бұл жолы алаңдауға негіз бар. Естеріңізде болса, былтыр 2011 жылы Әлем біріншілігінде Майя Манезаның әлемдік рекордын қазылар есепке алмай қойғандықтан, Царукаева «алтын» медальды қанжығасына байлап кеткен болатын. Енді Олимпиада төрінде өзінің байырғы қарсыласынан есе қайтару қазақстандық спортшы үшін ардың ісі болмақ.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера