Майя Манезаның жұбайы үлкен спортқа оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Майя Манезаның жұбайы үлкен спортқа оралды

Майя Манезаның жұбайы үлкен спортқа оралды

2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Майя Манезаның жұбайы Вячеслав Ершов Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстанның күміс жүлдегері атанып, үлкен спортқа оралды. Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 24 Сәуiр 2014
  • 376
Фото - Caravan.kz

«Мен тұғырға өте ұзақ үзілістен кейін оралдым. 2011 жылы ауыр атлетикаға оралуға талпыныс болғанымен, мен 2007 жылы нақты жаттығу шараларын тастап кеткен болатынмын. Менің зайыбым Майя Манеза Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға қатысуға бел буып отыр. Мен бәрібір сайыстарда онымен бірге боламын, яғни оның дайындығына көмектесемін. Сондықтан да осы шараларға тікелей қатысқаннан кейін, додада өзімнің де бағымды сынап көруді жөн көрдім», — деді В. Ершов.

Оның сөзіне қарағанда, ол дайындықты екі ай бұрын бастаған екен.

 «Менің ойымша, иеленген екінші орын жаман көрсеткіш емес. Маусымда Майямен және біздің ұлымыз Арсениймен бірге дайындыққа барамыз. Менің анам баламызды бағуға көмектеседі, ал біз Азия Ойындары мен әлем чемпионатына дайындыққа кірісеміз»,-дейді спортшы.


Ершов қатысқан 77 келі салмақ дәрежесіндегі ерлер арасындағы тартыста Меден Жүндібаев  чемпион атанды. Турнирдің қола жүлдесі Аят Әмірбековке бұйырды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера