Македония Астанада өз Елшілігін ашпақ
Қазақстан Республикасы мен Македония Республикасының сыртқы істер министрлері арасында саяси консультация өтті. |
Кездесуде қазақстандық тарапқа - сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов жетекшілік етсе, Македония тарабына - сыртқы саясат ведомствосының мемлекеттік хатшысы Абдулкадар Мемеди басшылық етті, деп хабарлады Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінен.
Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты және әрі қарай дамытудың перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан мен Македонияның арасындағы келісімшарттық-құқықтық базаны әрі қарай кеңейту, халықаралық және аймақтық ұйымдардың аясындағы, атап айтқанда, ЕҚЫҰ мен БҰҰ аясындағы өзара іс-қимылдарды талқылады.
Мәжілісте сондай-ақ 2012 жылы Македония Президенті Гиорге Ивановтың қазақстан-македония қарым-қатынастарының тарихындағы Қазақстанға алғашқы сапарын ұйымдастырумен байланысты мәселелер қаралды. Македония тарабы ресми Скопьенің Астанада Елшілік ашу туралы шешім қабылдағанын жеткізді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін