Македония Астанада өз Елшілігін ашпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Македония Астанада өз Елшілігін ашпақ

Македония Астанада өз Елшілігін ашпақ

Қазақстан Республикасы мен Македония Республикасының сыртқы істер министрлері арасында саяси консультация өтті.

  • 3 Маусым 2011
  • 462
Фото - Caravan.kz

Кездесуде қазақстандық тарапқа — сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов жетекшілік етсе, Македония тарабына — сыртқы саясат ведомствосының мемлекеттік хатшысы Абдулкадар Мемеди басшылық етті, деп хабарлады Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінен.

Тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты және әрі қарай дамытудың перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан мен Македонияның арасындағы келісімшарттық-құқықтық базаны әрі қарай кеңейту, халықаралық және аймақтық ұйымдардың аясындағы, атап айтқанда, ЕҚЫҰ мен БҰҰ аясындағы өзара іс-қимылдарды талқылады.

Мәжілісте сондай-ақ 2012 жылы Македония Президенті Гиорге Ивановтың қазақстан-македония қарым-қатынастарының тарихындағы Қазақстанға алғашқы сапарын ұйымдастырумен байланысты мәселелер қаралды. Македония тарабы ресми Скопьенің Астанада Елшілік ашу туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар