Бүгінгі тойдың тізгіншісі – Бауыржан Орда.
Бұл жолғы тойымыз қызыққа толы. Режиссер, сценарист, актер Талғат Теменов ХХІ ғасыр көзқарасымен «Махаббат бекеті» киносын түсіреді. Кинодан үзінді бойынша Жанар аққудың ақ мамығын тағып алып, Айгүлді атып тастайды…
Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов әлем тарихында болмаған айтыс жасайды. Аламан айтыс тартысқа толы болмақ.
Сонымен қатар қазақ тойының короліне айналған «Қызыл өрік» әнінің орындаушысы Ақылбек Жеменей «Той beststar» төрінде «Қызыл өрік» әнін өзбек тілінде шырқайды.
«Той фактор» қонағы – танымал әнші Аша Матай ұйымдастырушылар дайындаған түрлі қиындыққа шыдап, тойда ән салуға лайықты екенін дәлелдеді.
«Той Beststar» «Тойжарыс» деп аталатын байқау жариялайды. Жеңімпаз 22 наурыз Ұлыстың Ұлы мерекесінде марапатталып, ат мінгізіледі. Қапы қалмаңыздар!
Режиссер Талғат Теменовтың өзі туралы жүрекжарды сұхбатын КТК арнасының сайтынан тамашалаңыздар. Талғат Теменов (18.04.2010) бейнемұрағат.







