“Махаббат қашан пайда болады”: ҰБТ сынағындағы сұрақтар жаға ұстатты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 “Махаббат қашан пайда болады”: ҰБТ сынағындағы сұрақтар жаға ұстатты

“Махаббат қашан пайда болады”: ҰБТ сынағындағы сұрақтар жаға ұстатты

 

  • 2 Наурыз 2018
  • 246
Фото - Caravan.kz

Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеуге енетін сұрақтар оқушылар мен ата-аналарды таңғалдарды, деп хабарлайды Stan.kz.

Мектеп оқушыларының ҰБТ байқау сынағында махаббат, ерлі зайыптылардың қатынасы тақырыбында сұрақтар жүр.

EduCon басылымдары дайындаған байқау сынағының бір нұсқасын қарастырып көрейік. Сұрақта Әзілхан Нұршайықовтың “Махаббат қызық мол жылдар” романынан үзінді берілген. Осы мәтін негізінде ҰБТ сұрақтары дайындалған.

Мәтінге байланысты берілген сұрақтардың сарыны мынадай.

Ерлі-зайыпты бір бірін түсінбей, ажырасып әлек болмауы үшін неден сақтану керек, анықтаңыз.

А) Бір-бірімен айтыспай, бір-бірін сыйлауы керек.

В) Ұзақ сөйлесіп, сырласуға әуес болмаулары керек.

С) Достоевскийдің қанатты сөзімен өмір сүруі керек.

Д) Тез қауышуға құмартпауы керек.


Е)Бір көргеннен ғашық болудың шынайы сезім емес екенін түсіну керек.

“Бір көргеннен ғашық болу” тіркесіне тән қатарды анықтаңыз.

А) Тән құмарлығынан туатын сезім.

В) Жалт етіп жанып тұратын сезім.

С) Адамгершілік қасиетті білдіретін сезім.

Д) Теңізден де терең сезім.

Е) Адал махаббатқа себепші болатын сезім.

Кіршіксіз, таза махаббат қай кезде пайда болады?

А) Бір көргеннен ғашық болған кезде.

В) Адам жек көріп те құмарта алатын кезде

С) Әбден біліп, шын сүйетініне сенімді болған кезде

Д) Достық пен махаббатты қатар алып жүрген кезде

Е) Бір-бірінің адамгершілік қасиетін толық таныған кезде