Махаббат жасқа қарамайды: Астанада 80-дегі қария мен 55-тегі әйел үйленді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Махаббат жасқа қарамайды: Астанада 80-дегі қария мен 55-тегі әйел үйленді

Махаббат жасқа қарамайды: Астанада 80-дегі қария мен 55-тегі әйел үйленді

2018 жылы барлығы 11 мың жұп отау құрған.

  • 12 Желтоқсан 2018
  • 49
Фото - Caravan.kz

2018 жылы Астанадағы ең кәрі отау иелері 55-тегі әйел мен 80-дегі қария болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

АХАЖ мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері Астанада 10 914 жұп үйленіпті.

"Соңғы кездері жас жұбайлардың орташа жасы әжептәуір ұлғайды. Қалыңдықтың орташа жасы – 25. Ал ерлерге келер болсақ, олар орташа алғанда 35 жасында отбасын құрады", — деп мәлімет берді сарапшылар.

Айта кетсек, Қазақстанда некеге тұру үшін өтінішті электронды түрде eGov сайтында беруге болады. Ол үшін күйеу жігіт пен қалыңдықтың электронды цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті. Болашақ жұбайлардың бірі электронды өтінішті толтырып, екіншісі екі тәулік ішінде келісімін беруі тиіс, әйтпесе өтініштің күші жойылады.