«Мен сіздің президентті мүмкіндік туған кезде Шри-Ланкаға ат басын бұруға шақырдым», — деді ол сейсенбі күні Астанада елбасымен кездесуден кейін өткен брифингте.
«Сонымен қатар, мен Қазақстан басшысына Астананың «Экспо-2017» көрмесін өткізу туралы өтінішіне қолдау білдіретінімді жеткіздім», — деп қосты М.Раджапакса.
Оның айтуынша, «халықаралық көрмені өткізу Қазақстанның әлеуетіне де сай».