"Мақпал, Қайрат, Алмас": Ащы судың кесірінен абыройынан айырылған жұлдыздар кімдер - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мақпал, Қайрат, Алмас": Ащы судың кесірінен абыройынан айырылған жұлдыздар кімдер

"Мақпал, Қайрат, Алмас": Ащы судың кесірінен абыройынан айырылған жұлдыздар кімдер

Құзырлы органдардың мәлімдеуінше, Алмас Кішкенбаевқа қатысты “кәмелетке толмаған балаға тиісу” дерегі бойынша шағым түскен.

  • 3 Ақпан
  • 12231
Фото - Caravan.kz

Оқиғаны мән-жайын журналист Михаил Козачков Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Кеше түнде құқық қорғау органдарына кәмелетке толмаған ұлы курьер болып жұмыс істейтін ер адамнан өтініш түсті. 2007 жылы туған жігіт кешкі тоғызда үш бөтелке сыраны жеткізуге тапсырыс алады. Ол дүкеннен тауарды алып, тапсырыс берушіге жеткізіп береді. Содан соң түсініксіз жағдай орын алған. 17 жастағы жігіттің айтуынша, сыраға тапсырыс берген ер адам шамамен 40 жастағы азамат . Ол алкогольді алып кетіп, кейіннен курьерге сыраны бірге ішуді ұсынған. Бұдан бөлек, осы сәтте ер адам 11-сынып оқушысының интимдік жерін ұстауға тырысқан.

Курьер бірден үйіне барып, әкесіне жағдайды айтып берген. Ал, әкесі құқық қорғау органдарына жүгініп, тапсырыс берушіге арыз жазған. Полиция қызметкерлері арызда баяндалған дәлелдерді тексеру аясында сыраға тапсырыс берушінің пәтеріне барып, оны бөлімшеге жеткізді. Ер адамның аты Алмас Кішкенбаев«, — деп жазды Михаил Козачков.

Алматы полиция департаменті бұл ақпарат пен арызды растады.

«Әкесінің кәмелетке толмаған ұлын қорлау туралы өтініші бойынша тексеру жүргізілуде. Барлық мән-жайларды анықтау үшін полицияға азамат жеткізілді», — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алмас Кішкенбаев ащы сусынға қатысты мұндай оқиғаға тап болған бірінші әртіс емес. Осы ретте Caravan.kz медиа порталының тілшісі бұған дейін алькогольді сусындардың кесірінен абыройларына нұқсан келтіріп алған қазақстандық шоу-бизнес өкілдерін еске түсіріп көрді.

Рахат Тұрлыханов

Шамамен бір жыл бұрын әнші өз әйеліне қол көтергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке қамалған еді. Тұрлыхановтың әйелі алғашқы арызын 2023 жылдың қазан айында жазған еді. Бірақ, ерлі-зайыптылар кейіннен татуласты.

Қайрат Нұртас

2024 жылы әнші ұшақ бортында төбелесіп, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бірақ бұл жолы Қайрат Нұртас алкогольді ішімдік ішпеген. Бұған дейін әнші Ақтаудағы бес жұлдызды қонақ үйдегі төбелеске мас күйінде қатысқан еді. Ақтауда мас әншінің күзетшімен ерегісіп, тіпті мұрнын сындырғаны туралы ақпарат тараған еді. Бірақ, көп ұзамай оқиға ұмытылып, тергеу нәтижелері жарияланбады. Ал, Қайрат Нұртастың директоры әншінің төбелеске қатысқаны туралы ақпаратты жоққа шығарған еді.

Тұрсынбек Қабатов

Өткен жылы әзілкеш мас күйінде ұшақ бортында жанжал шығарды. Оқиға барысында оның мас күйінде болғаны медициналық сараптамамен расталды. Оның мас болғаны соншалық, сот процестері кезінде ол өз әрекеттерінің егжей-тегжейін есіне түсіре алмаған. Оқиға нәтижесінде әзілкеш 5 тәулікке қамауға алынды.

Төреғали Төреәлі

Әртіс күндізгі уақытта көпшіліктің көз алдында қамауға алынды. Төреғалиді қамауға алу процесі құдды бір фильмдегі көріністей болды. Көше, джип, полицейлер, көліктегі қара көзілдірік киген құлықсыз адам.

Кейіннен Төреғали Төреәлінің есірткіге мас күйінде болғаны анықталды. Сот әншіге 20 тәулік қамауға алу жазасын тағайындады.

Мақпал Жүнісова

Өткен жылдың соңында әнші мас күйінде Instagram желісіне видео жариялап, өзінің хейтерлеріне жауап берді.

«Мен тағы да айтамын, мен жарияялаған видеоны өшірмеймін. Кім қалай түсінсе де маған бәрібір. Маған қайтадан іштің деп айтасыздар. Егер дауысыммен бірдеңе болса, ауырып қалсам да қайтадан іштің дейсіздер. Өздеріңіз білесіздер. Бірақ мен саумын. Мені 90% адамдар кешіреді, 10% алқаш, ұятсыз, әнші емессің дейді», — деді әнші.

Перейти к новостям спорта