Ол қандай жағдай болмасын, әншінің беделі түспегенін атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Блогер бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Соңғы кезде әңгіме айтатын адам азайды. Телефон арқылы көріп отырамыз деп хәл де сұраспайтын болдық. Шіркін Мақпал сияқты аңқылдартар да бара-бара таусыла ма, деп қорқам.
Енді аз жылда қабағымыз қату, бір бағытқа түскен, өзіміз қатал, кейде бір сүрінсек өзімізді-өзіміз жазалап тастайтын тас жүрек боламыз ба…
Ал Мақпал шын адам. Кім не деседе мен үшін ешқандай құрметі құламады.Мені танымай ақ қойсын сонда да сыртынан тілекшімін, әттең көршісі емеспін…», — деп жазды журналист.