Максим Баклашкин - студенттер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері - kaz.caravan.kz
  • $ 496.85
  • 585.54
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Максим Баклашкин - студенттер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері

Максим Баклашкин - студенттер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері

Қазақстандық Максим Баклашкин Польшаның Закопан қаласында өткен студенттер арасындағы коньки спортынан әлем чемпионатында 1500 метр қашықтықта қола жүлдегер атанды, деп хабарлады Vesti.kz.

  • 20 Желтоқсан 2012
  • 319
Фото - Caravan.kz

Елордалық спортшы бұл қашықтықты 1 минут және 53,44 секундта еңсеріп, поляк Ян Шуманскиге (1:50,25) және норвег Эспен Твейтке (1:52,66) жол берді. Қазақстанның тағы бір өкілі Виталий Мальгинов 15-ші (1:58,34) болып келді.

Сондай-ақ Баклашкин 5000 метрлік қашықтықта 11-ші болды. Бұл қашықтықта қазақстандықтардан бесінші болып келген Никита Ставцев жақсы нәтиже көрсетті. Мальгинов — 12-ші, ал Максим Сергиенко — 13 орындарды қанағат тұтты.