"Малазиялық компания 2015-2016 жылдары 350 млн доллар инвестициялайды,10 жылдың ішінде ірі қара малды өсіру үшін 1,750 млрд доллар жұмсамақ ойлары бар", деді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев Астанада жұмада баспасөз мәслихатында.
Ол атап өткендей, алдағы жылдары аумақ басшылығы басты назарды аграрлық секторға инвестиция тартуға бөлмек. Инвесторлар ретінде Венгрияның кәсіпорындары да қарастырылып отыр.