Малайзия Астанада ұлттық мәнердегі қонақ үй салуды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малайзия Астанада ұлттық мәнердегі қонақ үй салуды жоспарлап отыр

Малайзия Астанада ұлттық мәнердегі қонақ үй салуды жоспарлап отыр

Малайзия Астанада ұлттық мәнердегі қонақ үй салуды жоспарлап отыр, деп мәлім етті осы елдің премьер-министрі Наджип Тун Абдул Разак.

  • 6 Маусым 2011
  • 389
Фото - Caravan.kz

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өтініші бойынша, МалайзияАстанада ерекше бір ғимарат салуға тиіс. Бұл жағын ойластырамыз, Малайзия дизайны мен архитектурасымен қонақ үй салуымыз мүмкін», — деді ол дүйсенбі күні ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін.

Малазиялық премьер президенттің ұсынысын жақсы қабылдап, өз елінің компаниялары жақын болашақта Астанада қонақ үй салуға қызығушылық білдіретініне үміттенетінін айтты. «Бұл біздің елдеріміздің арасындағы мықты достық қарым-қатынастардың нышаны болады», — деді Наджип Тун Абдул Разак.

Өз кезегінде Н. Назарбаев елордамыздың өзі 2006 жылы барған малазиялық Путраджай қаласына ұқсас жерлері көп екенін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар