Малайзия мен Қазақстан ҚР мамандарын исламдық қаржыландыру қағидаларына бірлесіп оқытады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малайзия мен Қазақстан ҚР мамандарын исламдық қаржыландыру қағидаларына бірлесіп оқытады

Малайзия мен Қазақстан ҚР мамандарын исламдық қаржыландыру қағидаларына бірлесіп оқытады

Малайзиялық AmanahRaya Capital Group және қазақстандық «Октан Групп» ҚР мамандарын исламдық қаржыландыру қағидаларына бірлесіп оқытады, деп хабарлады «Октан Групп» компаниясының директоры Бауыржан Терлікбаев.

  • 7 Маусым 2011
  • 384
Фото - Caravan.kz

«Бүгін біз,«AmanahRaya Capital Group» (Малайзия — ҚазТАГ) және«Октан Групп» (Қазақстан — ҚазТАГ)топтарының өкілдері Малайзиямен екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып отырмыз. Бұл бізге жаңа белестерге шығып, малайзиялық әріптестеріміздің тәжірибесі мен білімін меңгеріп, өз мамандарымызды оқытуға мүмкіндік береді», — деді Б.Терлікбаев сейсенбі күні меморандумға қол қою барысында.

Оның ақпараты бойынша, тараптар Қазақстандақы индустриалды-инновациялық жобаларға қатысу үшін исламдық қаржы институттарының қаржысын пайдалану арқылы инвестиция тартуды жоспарлап отыр.

AmanahRaya Capital Group – 2001жылдан бері Малайзияның қор биржасының кәсіби операторы, активтерді басқару және брокерлік қызмет көрсету қызметтерін ұсынады. Компания тікелей инвестициялар мен жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында инвестициялық жобаларды әзірлеумен айналысады.

Соңғы жаңалықтар