Малайзия Қазақстанды Орталық Азиядағы «халал орталығы» ретінде қарастырады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малайзия Қазақстанды Орталық Азиядағы «халал орталығы» ретінде қарастырады

Малайзия Қазақстанды Орталық Азиядағы «халал орталығы» ретінде қарастырады

Малайзия Қазақстанды Орталық Азиядағы «халал орталығы» ретінде қарастырады.

  • 6 Маусым 2011
  • 470
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен болған келіссөзден кейінгі брифингте Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Абдулл Разақ мәлім етті.

«Келіссөздер барысында біз ауыл шаруашылығы саласы бойынша өзара іс-қимыл мәселесін талқыладық. Атап айтқанда, бүгін біз Жамбыл облысында мал шаруашылығы кешенін құру бойынша келісімді бекіттік. Малайзия Қазақстанды Орталық Азиядағы «халал орталығы» ретінде қарастырады»,-деді ол.

Айта кетейік, бүгін Астанада ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Тун Абдулл Разақ арасында болған келіссөздерден кейін Жамбыл облысында мал өндірістік кешенін салу туралы «Смартагро -Қарқара» компаниясы мен «Nаtional Feedlot coporation sdn. Bhd» тиісті келісімді бекітті. Жамбыл облысындағы мал өндірістік кешеніндегі ірі қара мал басы 2020 жылға дейін 50 мыңға жеткізіледі.

Бұл жобадағы инвестиция көлемі 30 млн. АҚШ долларына бағаланды.

Соңғы жаңалықтар