Малайзия қазақстандық жастарға 10 білім беру стипендиясын бөлді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малайзия қазақстандық жастарға 10 білім беру стипендиясын бөлді

Малайзия қазақстандық жастарға 10 білім беру стипендиясын бөлді

Бүгін Астанада өтіп жатқан 7-ші Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы аясында ұйымның Бас хатшысы Тан Сри Ахмад Фудзи Бин Абдул Разақ пен Малайзияның Бинари университеттік колледжінің атқарушы директоры Джозеф Абдекалам өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

  • 9 Маусым 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz

Аталған құжатқа сәйкес, Бинари университеттік колледжі қазақстандық жастар үшін жоғары оқу орнынан кейінгі 10 білім беру стипендиясын бөліп отыр. Колледждің атқарушы директоры Джозеф Абдекалам атап көрсеткендей, стипендиялар магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша берілмек. «Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер біздің Интернет сайтымыз арқылы өз өтініштерін бере алады. Негізгі талап бойынша олардың жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейі 3,5 ұпайдан төмен болмауы тиіс», — дейді Д.Абдекалам.

Малайзияның Бинари университеттік колледжінің Интернеттегі сайты — www.binary.edu.my

Соңғы жаңалықтар