А.Тункудың кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында атап көрсеткеніндей, өкілдер «елмен жалпы танысу, адамдар арасында диалог орнату, болат балқыту, мұнайгаз және туризм салаларында ынтымақтастықты жолға қою» мақсатымен келді.
А.Тункудың айтуынша, екі ел арасында көлік қатынасы нашар дамыған. «Малайзия мен Қазақстан арасында тікелей әуе байланысы орнамаған, соның салдарынан біз үшінші елдер арқылы ұшып келуге мәжбүрміз»,- деді ол.
Ал өкілдер құрамында келген Ескендір Тунку «Малайзиялық компаниялар қазақстандық кәсіпкерлермен бірлескен кәсіпорындар құрудан айрықша мүдделі»,- деп атап өтті.
Малайзиялық өкілдер сонымен бірге бүгін вице-министр Ахметжан Есімовпен, ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьникпен, сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Қазақстан инжиниринг» ЖАҚ-ның басшылығымен жүздесті.