Жарияланды: 650

Малайзия Қазақстанның сукук қағаздарына инвестиция құюға дайын

Малайзия Қазақстанға егеменді сукук қағаздарының шығарылымын қаржыландыруда өз қолдауын ұсынды, деп мәлім етті осы елдің премьер-министрі Наджип Тун Абдул Разак.

«… Мен Қазақстан үкіметіне ұсыныс жасадым, егер олар егеменді сукук (исламдық құнды қағаздар - ҚазТАГ) шығаруды ойластырса, осы құнды қағаздарды қаржыландыратын ел ретінде Малайзияны қарастырсын дедім», - деді ол дүйсенбі күні ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейінгі брифингте. «Қазақстан үкіметі исламдық банкингті дамыту бойынша малазиялық тәжірибеге қызығушылық танытып отыр. Малайзия өзіндегі исламдық банкинг бойынша тренинг беруге дайын. Біз мұны қолдаймыз және осы салада жинақтаған тәжірибеміз бен білімімізді зерттеу үшін өз делегацияларыңызды жіберулеріңізді сұраймыз», - деп толықтырды Малайзия үкіметінің басшысы. Өз кезегінде мемлекет басшысы Малайзияда исламдық банкинг қарқынды дамып жатыр деген пікір білдірді. «…Біз үйренгіміз келеді, өз елімізде қаржыландырудың бұл құралын енгізіп жатырмыз», - деді ҚР президенті. 2011 жылы Қазақстанда көлемі $ 700 млн исламдық құнды қағаздарды (сукук) шығару жоспарланып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін