Малайзия Қазақстанның сукук қағаздарына инвестиция құюға дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малайзия Қазақстанның сукук қағаздарына инвестиция құюға дайын

Малайзия Қазақстанның сукук қағаздарына инвестиция құюға дайын

Малайзия Қазақстанға егеменді сукук қағаздарының шығарылымын қаржыландыруда өз қолдауын ұсынды, деп мәлім етті осы елдің премьер-министрі Наджип Тун Абдул Разак.

  • 6 Маусым 2011
  • 633
Фото - Caravan.kz

«… Мен Қазақстан үкіметіне ұсыныс жасадым, егер олар егеменді сукук (исламдық құнды қағаздар — ҚазТАГ) шығаруды ойластырса, осы құнды қағаздарды қаржыландыратын ел ретінде Малайзияны қарастырсын дедім», — деді ол дүйсенбі күні ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейінгі брифингте.

«Қазақстан үкіметі исламдық банкингті дамыту бойынша малазиялық тәжірибеге қызығушылық танытып отыр. Малайзия өзіндегі исламдық банкинг бойынша тренинг беруге дайын. Біз мұны қолдаймыз және осы салада жинақтаған тәжірибеміз бен білімімізді зерттеу үшін өз делегацияларыңызды жіберулеріңізді сұраймыз», — деп толықтырды Малайзия үкіметінің басшысы.

Өз кезегінде мемлекет басшысы Малайзияда исламдық банкинг қарқынды дамып жатыр деген пікір білдірді.

«…Біз үйренгіміз келеді, өз елімізде қаржыландырудың бұл құралын енгізіп жатырмыз», — деді ҚР президенті.

2011 жылы Қазақстанда көлемі $ 700 млн исламдық құнды қағаздарды (сукук) шығару жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар