Малайзияда Бангкоктағы лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен үш адам тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малайзияда Бангкоктағы лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен үш адам тұтқындалды

Малайзияда Бангкоктағы лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен үш адам тұтқындалды

Малайзия полициясы 20 адамның өмірін қиған 17 тамызда Бангкокта болған лаңкестік қатысты деген күдікпен тағы үш адамды тұтқындады.

  • 14 Қыркүйек 2015
  • 378
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Ұлттық полиция басшысы Халид Әбу Бакар хабарлады, деп жазады «ТАСС». 

Оның айтуынша, ұсталғанның екеуі майлайзиялық, тағы бір адам — Пәкістан азаматы.

17 тамыздағы жарылыс салдарынан 125 адам жарақаттанған. Тайланд полициясының тергеуі барысында бес күдікті тұтқындалды. Бірі Тайланд азаматы, қалғандары Үндістан, ҚХР, Түркия азаматтары. Бұдан бұрын полиция берген нұсқалардың бірінде жарылысты Тайланд арқылы ҚХР-дан Түркияға өтетін контрабандамен айналысатын этникалық ұйғырлардың қылмыстық тобы тұруы мүмкін екендігі айтылған. Бірнеше ай бұрын корольдік билік контрабандалардың негізгі арналарын жауып, 100-ден астам осы ел өкілдерін еліне кері қайтарған.

Соңғы жаңалықтар