ҚР индустрия және сауда министрлігінің өкілдері семинарға қатысушыларға Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылу барысы, Қазақстан үкіметінің инвестициялық саясаты және елге тікелей инвестиция салу мүмкіндіктері туралы таныстырды.
Малайзиялық кәсіпкерлер Қазақстандағы клестерлік даму жоспарына қызығушылық танытты. Атап айтсақ, малайзиялық капиталдың туристік инфрақұрылымды дамыту, азық-түлік өнімдері мен құрылыс материалдарын өндіруші кластерлеріне үлес қосу мүмкіндіктері сарапқа салынды.
Кәсіпкерлерге арналған шараға Малайзияның 70-тен астам компаниясының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ.