Малдары пастереллез эпидемиясынан қырылған Қызылорда облысының тұрғындары өтемақы алады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малдары пастереллез эпидемиясынан қырылған Қызылорда облысының тұрғындары өтемақы алады

Малдары пастереллез эпидемиясынан қырылған Қызылорда облысының тұрғындары өтемақы алады

Қызылорда облысында малы инфекциялық эпидемия салдарынан қырылып қалған шаруаларға өтемақы төленеді.

  • 14 Тамыз 2015
  • 789
Фото - Caravan.kz


"Қырылған жас мал үшін, 3 айдан 6 ай жасындағы қозының әр басы үшін шамамен 12,5 мың теңге, ал үлкен малға 22 мыңнан 24 мың теңгеге дейін қаржы төленеді деп мәлімдеді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Пірмұхамед Сыздықов.
Карантин жарияланған аймақта малға екпе жасалып, қораларды зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Бұл індеттің тоқтауына түрткі болды. Қазіргі уақытта халыққа індеттен келген шығын көлемін қалай есептеу керектігі түсіндіріліп жатыр.
Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, өтемақыны малының қырылу фактісін құжатпен бекіткен азаматтар ала алады. Сондай-ақ малында чип қойылған азаматтар да өтемақы алады.
Еске салайық, Жаңақорған ауданының 5 шаруашылығында асыл тұқымды малдың қырылуы маусым айының аяғында басталған. Республикалық ветеринарлық зертхана қырылу себебін пастереллез және анаэробты дизентерия деп хабарлады. Барлығы 1300 ұсақ мал қырылды.

Соңғы жаңалықтар