Мали астанасында лаңкестер қонақ үйге басып кірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мали астанасында лаңкестер қонақ үйге басып кірді

Мали астанасында лаңкестер қонақ үйге басып кірді

Мали астанасы – Бамакода Radisson Blu қонақ үйіне лаңкестер басып кіріп, 170 адамды кепілге алды. Таңертең басталған атыс қазірге дейін тоқтамай, 9 адам опат болған. Болжам бойынша, көз жұмғандар – Бельгия мен Франция азаматтары. 

  • 21 Қараша 2015
  • 265
Фото - Caravan.kz

Ал шабуыл жасағандардың нақты саны белгісіз. Әртүрлі нұсқа бойынша, олардың саны он шақты болуы мүмкін. Сонымен қатар қандай лаңкестік ұйымның шабуыл жасағаны анықталмаған. Ал алғашқы сәттерде қарсылық көрсетпек болған қонақ үй қауіпсіздік қызметінің екі күзетшісі жараланыпты. Қазір полиция жасағының содырларды ұстап, кепілдегілерді босату әрекетіне көшкені хабарланды. Әзірге 20 адамның босатылғаны жөнінде ақпарат бар. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі жапа шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар ма, жоқ па соны соны анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар