Мали халқы елдегі ауыз су тапшылығына БҰҰ айыптап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мали халқы елдегі ауыз су тапшылығына БҰҰ айыптап отыр

Мали халқы елдегі ауыз су тапшылығына БҰҰ айыптап отыр

Мали халқы елдегі ауыз су тапшылығына кінәлілерді тауыпты. Әбден сусаған жұрт тіршілік нәрінің азаюына Біріккен Ұлттар Ұйымын айыптап отыр.

  • 8 Тамыз 2015
  • 429
Фото - Caravan.kz

Ауыз су тапшылығын, әсіресе, елдің солтүстігіндегі Кидаль қаласының тұрғындары көріп отыр. Олар мұндағы соғыс пен тұрақсыз жағдайдан зардап шегіп отырмыз дейді. Қаладағы су тартқыштар мүлдем істен шыққан. Ал ақылы тіршілік нәрінің бір баррелі, яғни 160-қа жуық литрі 7 доллар тұрады. Бірақ оның өзін ұзын-сонар кезекте тұрып, әрең алады екен. Ал мұның бәріне Біріккен ұлттар ұйымы кінәлі дейді жергілікті халық. Мүмкіндіктері бола тұра бір су құбырын салып бермеді деп ренжулі. Бұған қоса Біріккен Ұлттар ұйымын қордағы тіршілік нәрін де берекетсіз шашты деп айыптады. Қазір бір ауыз суға зар болған халықтың көбі үйлерін тастап, басқа аймақтарға көшіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар