Мали президенті: Бамакодағы қонақ үйге жасалған шабуыл салдарынан 19 адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мали президенті: Бамакодағы қонақ үйге жасалған шабуыл салдарынан 19 адам көз жұмды

Мали президенті: Бамакодағы қонақ үйге жасалған шабуыл салдарынан 19 адам көз жұмды

Мали астанасы Бамакодағы қонақ үйге қарулы адамдардың жасаған шабуылы салдарынан 19 адам қаза тапты, тағы 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды Reuters.

  • 21 Қараша 2015
  • 487
Фото - Caravan.kz

Ел президенті Ибрагим Бубакар Кейтаның хабарлауынша, екі содырдың көзі жойылды. 

Аталған елде төтенше жағдай режімі жарияланды. Ал 23 қарашадан бастап үшкүндік аза тұту күні жарияланады.

Еске сала кетейік, қаруланған адамдар Мали астанасы Бамакодағы Radisson Blu қонақ үйіне шабуыл жасады. Онда 170 адам тұтқынға алынған.


Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Мали астанасы Бамакодағы Radisson Blu қонақ үйіндегі тұтқындар арасында қазақстандықтар болған жоқ, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінен.

Соңғы жаңалықтар