Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.
Сүйіктімнің сұрқия тірлігін бүкіл ауыл біледі дейді. Соған қарамастан Асқар Тұрсынжанұлы балаларының анасын кешіріп, қосылуға дайын екенін айтады.
"Екі айдан астам уақыт болды әйелімді таппай жүрмін. Тіпті балаларына да хабарласпайды. Бес баланың анасы да, әкесі де өзім болып отырмын. Көресінің көкесін көрдік. Сұмдық мынау енді. Ел-жұртқа мазақ боламын деп кім ойлаған.Жасамағанды жасап кетті.Осы балаларды алақанына салып отыратын ана ғой. Аналарының жақсы қасиетін көрген жоқ. Ар-ұяттан безген адам болып тұр ғой.15 жылдық мал-мүлікті сатып, өзінің және балалардың құжаттарын алып кетіп қалған"
Асқар Тұрсынжанұлы келіншегін көңілдесіне кетіп қалды деп күдіктенеді. Дегенменде балалары үшін, әйелін кешіріп қайтадан бірге тұруға ниетті екендігін айтты.
Бірақ мұның бәрі өтірік болып шыққан сыңайлы.
Студияға Асқар мырзаның әйелі Әсем ханым келді. Не себепті үйден кеткендігін түсіндірді.
"Күйеуім ақша таппайды, азық-түлікке ақша жоқ. Мен жұмысқа кетпесем кім кетеді? Бес баланы асырау керек. Кейде бір аптаға, кейде екі аптаға дейін жұмыс жасаймын. Мен отбасыма апта сайын азық-түлік салып тұрамын. Алайда күйеуім мен келгенше балаларымды маған қайрап қояды. Мен біреудің үйін әктеп, қара жұмыс жасап, адал ақша тауып келемін. Арым таза. Балаларымның алдында жауапкершілігім бар анамын. Тіпті мені темекі, арақ әкелмесең кірме үйге деп балалармен бірге үйден қуып жіберген күндері болған. Жасырмаймын. Мен түзде отбасымды асыраймын деп жүргенім үшін кінәлімін бе?
" — деп зар илеген ананың көз жасы көрермендердің көзіне жас келтірді.
Желі оқырмандары Асқар мырзаның айтқан сөздеріне күдікпен қарай бастады:
"Еркек емес, ез екен", "Алқаш арақтан өлген да", "Әке болып отбасын асырауды білмеген адамнан ештеңе күтпеңіз Асем ханым" — деп пікірлерін жазды.