Мамайдың саяси жоба екені рас па?: Жаңаөзен жұрты Жанболат Мамайды тас атып, қуып шықты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамайдың саяси жоба екені рас па?: Жаңаөзен жұрты Жанболат Мамайды тас атып, қуып шықты (ВИДЕО)

Мамайдың саяси жоба екені рас па?: Жаңаөзен жұрты Жанболат Мамайды тас атып, қуып шықты (ВИДЕО)

Жаңаөзен жұрты Жанболат Мамайды тас атып, кетуін талап етті.

  • 24 Ақпан 2022
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Жанболат Мамайды жағадан алып, тас атып ұрған видеосы тарады.

"Өткенде Жаңаөзенге Мұхтар Тайжан барғанда, оны жұрт қолпаштап кетіп еді. Сондай қолпаштаудан дәмеленіп Мамай да Жаңаөзенге барған екен, алаңжұрт "Мамай кет!" деп айқайлап, аямай тілдеп жатыр. Мамайшылдарға қарсы қар атқылап жатқан жастар да бар. Мамайдың халықтан таяқ жеуі бірінші рет емес. Алматыдағы шеру кезінде де Мамайды ұрып жіберген. "Дикий Арманды" да ұрып жіберген ашынған жұрт. Рысбек пен Балташ та таяқ жепті… Қазір халық өзгерген, жастар "ескі" оппозицияны танымайды. Оларға Ғалымжан да, Әкежан да, Әміржан да, тіпті орта жасқа жақындаған Мамай мен "Дикий Арман" да авторитет емес. Мынау видео соның дәлелі. Жұрт Мамай секілді саяси жобалардан, принциптен тайқып кететін екіжүзді саясаткерлерден мезі болған." — деп жазды журналист Ораз Әлімбеков.