Мамайшылдар “ойбай, атты-шапты-құртты” деп байбалам салуға шебер - Тоқтар Жақаш - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамайшылдар “ойбай, атты-шапты-құртты” деп байбалам салуға шебер - Тоқтар Жақаш

Мамайшылдар “ойбай, атты-шапты-құртты” деп байбалам салуға шебер - Тоқтар Жақаш

Журналист Тоқтар Жақаш белсенді Жанболат Мамайдың партиясын заңсыз митинг ұйымдастырды деп жазғырды.

  • 11 Мамыр 2022
  • 245
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

""Алматыда заңсыз митинг ұйымдастырмақшы болғандарды ұстап кетті" деп жатыр ғой. Сөйтсем, бұл баяғы Мамайдың күмәнді партияластары екен ғой!
Қызық.
Қаңтардан кейін Қазақстанда митинг өткізуге ешқандай шектеу жоқ сияқты. Тек, әкімдікке ресми хабарласа болғаны. Ал мамайшылдар не пиар үшін, не басқа оймен "ойбай, атты-шапты-құртты!" деп байбалам салуға шебер-ақ! Халықтың мәхәббатына сөйтіп кенелеміз дейтін шығар. Бүгін тағы да сөйтіп ойбайлап жатыр. Күлкің келеді!
Партияларының атын тағы "демократиялық партия" деп атапты. Демократиялық елде кез-келген демократиялық күштер өкілі заңдар үстемдігіне мойынсұнады ғой! Ал бұларды қашан қарасаң — анархизмнің сойылын соғады да жүреді!
Әй, ең болмаса, партияларыңның атын дұрыстап, өздерің ұстанған бағытпен "Анархиялық партия" деп атасаңдаршы! Әйтпесе, елді шатастырып біттіңдер ғой!
Достияровтың камера алдына позировать етіп тұра қалғанының өзі не тұрады, шіркін", — деп жазды Тоқтар Жақаш.