Маман тамыз айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маман тамыз айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Маман тамыз айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Ирина Әбдірайымова тамыз айында жағымды жаңалықтардың көп болатынын айтып қуантты.

  • 1 Тамыз 2019
  • 53
Фото - Caravan.kz

Нумеролог Ирина Әбдірайымова тамыз айы шілдеге қарағанда жақсы күндерге толы болатынын айтады. Осы орайда ол өмір сыйлаған мүмкіндіктерді жіберіп алмаған жөн екенін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігі.

Жұлдыздар сырын ұққан маман соңғы болжамдарында жағымсыз жаңалықтар көп болғанын айтады. Бұл өзгелердің ғана емес, өзінің де көңілін түсірген екен. Десе де, ол тамыз айында керісінше жағымды сәттердің көбірек болатынын айтып қуантты.

"Ай басында біздің белсенділігіміз артып, алдымызға қойған мақсаттарға асқан табандылықпен жетеміз. Ең бастысы, біздің жұмыс істеу қабілетіміз жақсарады. Өзгелерге көмек қолын созу арқылы бақытқа бөленеміз, өзімізге беретін бағамыз да жоғарылайды", — деді нумеролог.

Маман әділдік орнату үшін үлкен іске кірісуден еш қорықпауға кеңес береді. Әсіресе, бізді білім, ұстаздық және саясат саласында табыс күтіп тұр. Сондай-ақ, биржадағы операциялар сәтті өтеді.  

Адамдар шектен тыс сезімтал болып кетеді

Әрі қарай Ирина Әбдірайымова көп адамның құмар ойындарында жолы болғанмен, барлық нәрседе баланс сақталуы керектігін ескертті. Айтуынша, тамыз айының алғашқы тоқсанында адамдар шектен тыс сезімтал болып кетеді. Айналамыздағылардың сөзді қалай айтқанына дейін мән беретін жағдайға жетеміз. Шындықты айтып тұрған және алдап тұрған адамның ара-жігін бірден ажыратамыз.

"Ақпаратты құлағымыз, көзімізбен емес, түйсігімізбен қабылдаймыз. Уақыт өте келе, адамның бізге айтқысы келген сөзін алдын ала болжаймыз. Мүмкіндігінше қиялымызға қандай да бір шектеу қойып отырғанымыз жөн", — дейді Ирина Әбдірайымова..

Сондай-ақ, оның пікірінше, егер қарсы алдыңыздағы адамның жүрегін жаулағыңыз келсе, әңгімені оның проблемаларын сұраудан бастау керек. Әсіресе, отбасы мен жұмысына қатысты сұрақтарды көбірек қойыңыз. Ал саяхаттайтын болсаңыз, жалғыз жүрмегеніңіз жөн.

6, 7, 8 тамыз – жұмыс үшін табысты күндер болмақ. Әсіресе, басшылықпен, билікпен қандай да бір келіссөз жүргізуге тиімді. 12 тамыздан бастап біздің саяси жаңалықтарға да, өсекке де қызығушылығымыз шектен тыс арта бастайды. Кейін осы естігендерімізді айналамыздағыларға жеткізуге тырысамыз. Арасында өз тарапымыздан деталь қосып жіберетін кездер де кездеседі.

Ай ортасында көңіліңізді түсіретін жаңалық естисіз

Нумерологтың болжауынша, тамыз айының екінші тоқсанынан бастап алыс-жаққан жерлерге тек көңіл көтеру үшін барасыз. Көпшіліктің алдында өзіңіздің қаншалықты білімді екеніңізді көрсетіп қалуға тырысасыз.

"Егер өзіңізді қандай да бір мақсатта жарнамалауды көптен бері қалап жүрген болсаңыз, бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Жалпы тамыз айының алғашқы екі бөлігінде өзімізді жер-көкке сыйғызбай мақтаған жандарға бүйрегіміз бұрып тұрады. Осы орайда өзгелерге де жүректі жылытар қошемет сөз айтуды ұмытпаған жөн", — дейді маман.


Жаздың соңғы айында адамдардың романтикаға деген құлшынысы артады. Қымбат әрі сәнді киінуге құмартып, дүкеннен көптеген әдемі зат сатып аласыз. Кездесу бір реттік болса да, әсері мәңгілікке қалатыны сөзсіз. Әртүрлі косметикалық процедура жасату үшін де қолайлы уақыт болмақ. Тек бір ескеретіні – 15, 16 тамыз күндері көңілді түсіретін жаңалық естуіңіз мүмкін. Осы жаңалыққа бола ашуға бой алдырып, күтпеген жерден жанжал шығарасыз. Түймедейді түйедей етіп, теріс шешім қабылдайсыз. Сондай-ақ, жұмыста қиындықтар болып, жалған ақпарат естуіңіз мүмкін. Сол себепті осы күндері аса сақ болыңыз.

"Айдың ортасында электр құрылғыларын абайлап пайдаланыңыз. Мүмкіндігінше әуе көлігін қолданбай қоя тұрғаныңыз жөн. Бұл қозып тұрған жүйке ауруын асқындырады. 18 тамыздан кейін "Демалған жақсы, бірақ жұмыс істеу" керек деген ой туады. Ақырындап бәрін ретке келтіріп, ойыңызды жинақтай бастайсыз", — деді нумеролог. 

Ал 20-21 тамыз заңгерлердің көмегіне жүгініп, отбасын құру үшін таптырмас күн болмақ. 22 тамыздан бастап романтиканы шетке ысырып, жүрек емес, ақылды тыңдай бастайсыз.

Ай соңында еңбегіңіз көп ақша әкеледі

Сонымен қатар, ол оңды-солды ақша шашуға деген құлшынысты саналы шешімдер алмастыратынын айтты. 24 тамыздан бастап жұмысқа білек сыбана кірісеміз. Алайда 25 тамызда жыныстық қатынасқа деген ерекше құлшыныс оянатындықтан, адамдар сүйіктісін сағына бастайды. Тіпті, 26 тамыз күні қыз-келіншектер тұрмысқа шығуға ұсыныс алуы да ғажап емес. 25-26 тамыз күндері танысқан адамдарыңыз мәңгілік серігіңізге айналады.

"29-30 тамыз күндері еңбегіңіз жемісті болып, қалтаңыз қалыңдай түседі. Жолыңыз болып, көкейіңізде жүрген арманыңыз орындалады. 31 тамыз күні мүмкіндігінше сөз таластырып, ұрысудан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Әйтпесе жаман салдары сізге тиюі мүмкін", — деді ол.

Ең қуантатыны – осы айда ғашықтар арасында тұтанған сезім оты мәңгілікке ұласады. Сондай-ақ, жасы үлкен ағайын-туыстарыңыз қаржылай көмек қолын созады.